28 сәуір күні Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында жазушы-драматург Болат Бекжановтың балаларға арналған «Айболит пен қарақшы» атты ертегі-қойылымы өтті.
Қойылымды сахнаға дайындаған қоюшы-режиссер – белгілі актриса, талантты режиссер-сценарийст, ҚР Мәдениет саласының үздігі Анар Сағымбекова.
Қойылымның қоюшы-суретшісі – белгілі қылқалам шебері, Республикалық және Халықаралық конкурстардың жүлдегері, театрдың Бас суретшісі Рахат Сапаралиева.
Ертегі қойылымның мақсаты мен негізгі идеясы – балаларды достыққа, бірлікке, өзара кешірімді болуға, бірлесе отырып, үлкен мақсат-міндеттерге қол жеткізуге тәрбиелеу болып табылады.