29 сәуір күні Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында - Г.Хугаевтың «ШЕКПЕН» әпсанасы өтті.
Қоюшы-режиссері – Кенен Ақүрпеков, «Серпер» Жастар сыйлығының иегері, ҚР Мәдениет саласының үздігі
Қоюшы суретшісі – Айгерим Амангелды
Шығарма оқиғасының астарында шекпен жамылған жануарлар арқылы адамдардың шынайы болмысын ұқтыру, пендешілігі мен қатыгездігін көрсету, кейбір сәттердегі моральдық азғындығын әшкерелеу секілді терең философиялық мағына жатыр.