Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Сенім телефоны:
+7 (7262) 45-53-25
Тараз қ, Абай проспект, 115

11.05.21 11

Сіздерді 9 мамыр – Жеңіс күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Жеңіс күні – біздің халқымыздың қастерлі тарихында өзіндік орны бар, ұлы мереке!

Бұл күн – біздің ержүрек те  батыр аталарымыз бен әкелеріміздің кешегі өткен қанқұйлы соғыста көрсеткен жанкешті ерліктерімен, артында қалған елі мен жері, халқы, ұрпақтары үшін қасық қандары қалғанша, беріспей соғысып, қан майданда төккен қандарымен келген – Ұлы Жеңіс күні!
Біз, бүгінгі ұрпақ, сол соғыста мерт болып, майдан даласында қалған аталарымыздың аруақтары алдында, сол соғыстан жеңіспен оралған ардагерлер алдында мәңгілік қарыздармыз!
Біз, қазіргі бейбіт өмір, бақытты тұрмысымыз үшін сол үрейлі соғыстың жеңімпаздары: ардагер аталарымызға, әкелерімізге бүгінгі және келер ұрпақтар атынан  шексіз алғыс білдіреміз.
Баршаңызға бақытты да қуанышты ғұмыр, зор денсаулық тілейміз!
Еліміздің кең, дархан даласында әрдайым тыныштық, берекелі де мерекелі бейбіт өмір болсын!

11.05.21 12


ЖЕҢІС КҮНІНЕ ОРАЙ
ІЗГІ НИЕТПЕН
ҚҰТТЫҚТАУ ЖОЛДАУШЫЛАР:
Асқар Тоқпанов атындағы
Жамбыл облыстық
қазақ драма театрының
басшылығы мен ұжымы