Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Сенім телефоны:
+7 (7262) 45-53-25
Тараз қ, Абай проспект, 115

20.05 5020.05 50

21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының жоғары санатты артисі Мамбет Қожалиев және театр директорының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары Болатбай Жұмабеков қоғам дамуына қосқан елеулі үлесі, әлеуметтік әріптестікті дамыту жолындағы жемісті еңбектері үшін «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» бірлестігінің Құрмет Грамотасымен, сондай-ақ, театр жүргізушісі Серік Даутбаев «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» бірлестігі Жамбыл облыстық филиалының Құрмет Грамотасымен марапатталды.

Кәсіби мерекелеріңіз бен марапаттарыңыз құтты болсын, ардақты әріптестер!
Сіздерге театр өнеріне қызмет ету жолында зор денсаулық, шалқар шабыт, биік та¬быс¬тар тілейміз!