Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Сенім телефоны:
+7 (7262) 45-53-25
Тараз қ, Абай проспект, 115

23.05.21 1

Театрдың шығармашылық ұжымы атынан әріптесіміз Елжан Жармухамедовті туған күнімен құттықтай отырып, оған зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, жаңа шығармашылық жетістіктер, отбасының береке-бірлігін тілейміз!

Жармухамедов Елжан Шермухамедұлы 1992 жылы 22 мамырда Жамбыл облысы, Тараз қаласында дүниеге келген.  2014 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Мәдени тынығу жұмыстары» факультетін бітірген.
2014 жылдың мамыр айыннан бері Жамбыл облыстық қазақ драма театрында актерлық қызмет атқарып келеді. Ол, осы уақыт аралығында театр репертуарындағы бірқатар қойылымдар мен балаларға арналған ертегілерде бекітілген басты рольдерді сомдап, актерлық шеберлігімен танылды. Олардың ішінде, С.Балғабаевтың «Қыз 20-ға тоғанында» - Ғайыпберген, В.Шекспирдің «Отеллосында» - Родриго, Б.Ұзақовтың «Жан дауасында» - нашақор ұл, А.Володиннің «Қос жебесінде» - көпшілік сахнасында, Ә.Файзуллаұлының «Алтын адамында» - Азат, М.Ақүрпековтің «Жақсы шәкіртінде» - Құмырсқа, М.Томанов пен М.Ахмановтың «Екі досында» - Теке, С.Пірмановтің «Алтын жұмыртқасында» - Әтеш, Ә.Әмзеұлының «Қор болған Қодар-айында!» - инспектор, Б.Айдарбековтің «Тағдыр тәлкегінде» - режиссердің ассистенті және Ержан ролі, Қ.Ысқақ пен Ш.Құсайыновтың «Қазақтарында» - көпшілік сахнасында, А.Бекбосынның «Домалақ енесінде» - Шахрух сұлтан, Н.Оразалиннің «Қилы заманында» - Урядник, Б.Жандарбековтің «Томирисінде» - Спаргапис, С.Пірмановтің "Ертегілер еліне саяхат" ертегі қойылымында- Босс, Ғ.Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" трагедиясында-Қозы Көрпеш және басқа да рольдерді сомдап, өз кейіпкерлерін жанды бейнелей алатын, актерлік шеберлігі толысып келе жатқан өнер иесі екендігін танытты.
Ол 2017 жылы 27 наурызда Халықаралық театр күні мерекесіне орай, С.Пірмановтің «Алтын жұмыртқасындағы» - Әтеш бейнесін асқан шеберлікпен бейнелеп шығарғаны үшін «Ең үздік ертегі кейіпкері» номинациясының жүлдегері дипломымен марапатталды.
Сондай-ақ, әр кездері облыстық Мәдениет басқармасының, театр басшылығының Алғыс хатымен, грамоталарымен марапатталған.
Елжан Жармухамедов соңғы жылдары жас кинорежиссер ретінде де танылып, көрермендер назарына бірнеше фильмдер түсіріп ұсынды.
Олардың ішінде, Е.Жармухамедов 2018 жылы түсірген «Сағым» фильмі көрермендер мен кинотанушылар тарапынан лайықты бағасын алып, жас кинорежиссер осы еңбегі үшін облыстық кино орталығының арнайы сыйлығына ие болды.
Елжан Жармухамедов 2019 жылдың қорытындысы бойынша театр және кино саласындағы айрықша еңбектері үшін «ӘУЛИЕАТА ҮМІТІ» облыстық жастар сыйлығының «Театр және кино өнеріндегі үздік еңбегі үшін» номинациясы сыйлығына ие болды.
2020 жылы Шымкент қаласында Өзбекстан, Қарақалпақстан және Казақстан киногерлерінің қатысуымен өткен қысқаметражды фильмдердің «Кино-АРТ-2020» Халықаралық кино фестивалінде Елжан Жармұхамедовтің «АҚША» атты фильмі үздік танылып, Фестивальдің «ГРАН-ПРИ» сыйлығын жеңіп алды. Елжан бауырымыздың өзі «Ең үздік режиссер, сценарийст» номинациясы жүлдесіне ие болды.
2021 жылы "Жыр алыбы-175" тақырыбы аясында  түсірілген 6 бөлімді бейнероликтің режиссері.

23.05.21 2 23.05.21 23.05.21 23.05.21 23.05.21 23.05.21 23.05.21 23.05.21 23.05.21 23.05.21 23.05.21 23.05.21 23.05.21 23.05.21