Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Сенім телефоны:
+7 (7262) 45-53-25
Тараз қ, Абай проспект, 115

27.05 46

27 мамыр күні Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында белгілі халық жазушысы Шерхан Мұртазаның «ТҰРАР. СТАЛИНГЕ ХАТ» реквиемі сахналанды.

1925 жылы Қазақстан басшылығына келген Филипп Голощекин Қазақстанда «Кіші Қазан» төңкерісін жүргізу саясатын ұстанды. Соның салдарынан ұлт зиялылары жаппай қуғындауға ұшырады. Голощекин өзіне қарсы шыққандарды қудалауға ұшыратты, лагерлерге айдатты, сотсыз, үкімсіз, «үштік» шешімімен ату жазасына бұйырды.
Сол зұлмат жылдары «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» деген ұжымдастыру ұранымен науқанға кіріскен белсенділер әрекетінен республикадағы 40 миллионнан астам мал басы қырылды. Елдің қорасында - мал, дорбасында - бір түйір дән қалдырмай, бәрі тартып алынды. Соның салдарынан халық жаппай ашаршылыққа ұшырады. Осы шындықты бетке айтқан қазақ зиялылары жаппай тұтқындалып, жазаланды. Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық жылдарында 2 миллионға жуық қазақ халқы қайтыс болды, жүздеген мың қазақтар туған жерін тастап, басқа елдерге босып кетті, 25 мыңнан аса боздақтар, оның ішінде қазақ халқының ең бетке ұстар зиялы қауымы түгелге жуық атылды, жүздеген мың адамдар еш кінәсіз, жалған жала жабумен лагерлерге айдалды.
***
Драманың қоюшы режиссері – белгілі актер әрі режиссер, Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, өнертану кандидаты, профессор Тұңғышбай әл-Тарази.