Үстіміздегі жылғы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық, Ұлы жырау Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерекелері аясында Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры Жамбыл ауданындағы Шайқорық ауылдық клубында - Б.Бекжановтың «Айболит пен қарақшы» ертегі қойылымын сахналады. Қоюшы-режиссері: ҚР Мәдениет саласының үздігі – Анар Сағымбекова. Қойылымға ауыл тұрғындары тегін қатысты.
Биылғы жыл көлемінде облыс аудандары мен ауылдарына жүйелі түрде гастрольдік сапармен шығып, ауыл мектептерінде, мәдениет үйлері мен ауыл клубтарында бүгінгі ұрпақты жоғары рухани құндылықтарға, отаншылдыққа, туған елі мен жерін сүюге, оның тарихын жетік танып-білуге, достық пен бірлікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеуге игі ықпалын тигізетін сахналық қойылымдар қою мақсаты көзделіп отыр.
Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры - Акурпиков Малик Дуйсебаевич