5 маусым күні «Төрткүл» керуен сарайында, ашық аспан астындағы сахнада Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібек» саунд-драмасының қойылымы өтті.
Қоюшы-режиссері – Қуандық Қасымов, белгілі режиссер,
Ш.Айтматов атындағы Халықаралық сыйлықтың иегері
Қоюшы-суретшісі – М.Шарафидин
Қырғыз Республикасының халық суретшісі
Драма желісі бойынша, Қыз Жібек пен Төлеген батыр бір-біріне ғашық болады. Бекежан батыр Қыз Жібекте ойы болып, «Қайтсем де, Қыз Жібекті аламын» деп, бекініп жүрген. Сондықтан, Қыз Жібек пен Төлегеннің бір-біріне деген ыстық сүйіспеншілік сезімдері Бекежан батырдың жан-дүниесін мұздатып, жүрек түкпірінен суық ызғар шашқызады. Драма оқиғасы мәңгілік өшпес махаббатты насихаттайды.