Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Сенім телефоны:
+7 (7262) 45-53-25
Тараз қ, Абай проспект, 115

abb

22-23 МАУСЫМ КҮНДЕРІ, САҒАТ 18.30-ДА!

Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында жазушы-драматург Елен Әлімжанның «Абылай» тарихи драмасының тұсаукесері (премьерасы) өтеді.
Қоюшы-режиссері: Фархадбек Канафин
Қоюшы-суретшісі: Қазым Аманқосов

Билетті театр кассасынан ала аласыздар!
БАҒАСЫ: оқушыларға - 300 тг, студенттерге – 400 тг, үлкендерге - 500 тг
Касса номері: 45-79-89, ұялы тел: 8 (707) 663-77-78
Администратор номерлері: 8 (747) 913-75-708 (776) 963-84-64
Қабылдау бөлімі: 45-29-68

ЕСКЕРТУ: Пандемияға қарсы талаптарға байланысты қойылымға келушілер міндетті түрде медициналық маска тағып келу және «ASHYQ» мобильді қосымшасы арқылы кіреді!

Шығарма оқиғасында Абылай ханның Қазақ даласын сырт жаулардан қорғап, ел тыныштығын сақтауда көрші жатқан алып мемлекеттер: Ресей және Қытай елдерімен жүргізген көреген саясаты, Жоңғар басқыншыларымен күресте көрсеткен батыл шешімдері мен қадамдары бейнеленеді. Абылайдың даналығы мен батылдығы, қайтпас қайсарлығы, ерлік істері кеңінен көрініс табады. Махаббат сезіміне беріктігі мен жасаған дұрыс байламы насихатталады.
Қойылым хан бейнесін жаңаша сипатта, соны үрдісте көрсетуімен ерекшеленеді.
(Ескерту: Қойылымда Бұхар жыраудың жырлары мен Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасынан үзінділер пайдаланылды).