Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Сенім телефоны:
+7 (7262) 45-53-25
Тараз қ, Абай проспект, 115

25.06 2

Театр жұмысындағы қалыптасқан дәстүрге сәйкес жыл сайын жазғы демалыстан соң, күз айында театрдың жаңа маусымы басталады.

Осы тәртіппен өткен күзде театрдың 85-ші маусымы ашылып, бір маусым бойы, пандемиялық шектеу тәртіптерін сақтай отырып, репертуарда қаралған ондаған спектакльдер сахнада және онлайн режимде көрсетілді, бірнеше жаңа қойылымдар қойылды, сан жағынан шектеу қойылса да, көрермендер қойылымдарға тұрақты келіп тұрды.
Үстіміздегі жылғы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, жыр алыбы Жамбыл бабамыздың 175 жылдығына, алдағы күзде өтетін театрдың 85 жылдық мерейтойына орай бірқатар іс-шаралар өткізіліп, дайындықтар жасалды.
Енді, артистердің жазғы демалысқа шығары алдында театрдың 85-ші маусымы қорытындыланып, жылдағы дәстүрге сай мерекелік іс-шарамен және тек қана театрдың ардагер артистері өнер көрсететін арнайы қойылым – Б.Жакиевтің «Жүрейікші жүрек ауыртпай» трагикомедиясымен жабылды.
Театр артистері ұйымдастырған арнайы мерекелік шарадан соң, Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының директоры Мәлік Дүйсебайұлы Акурпиков театрдың жыл басынан бері атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарланып отырған шараларға тоқталып, қысқаша баяндама жасады.
Театрдың басты міндеті – көрермен талғамына сай әр түрлі жанрдағы тәрбиелік, танымдық маңызы зор қойылымдар көрсетіп, ұрпақ тәрбиесіне, жастар тәрбиесіне оң ықпал ету, - деді ол.
Театрдың репертуарлық саясатында үстіміздегі жылғы еліміздің басты мерекесі - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы негізгі нысанаға алынған.
Бұл орайда, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына, Абылай ханның 310 жылдығына және жазушы-драматург Елен Әлімжанның 75 жылдығына орай, автордың «Абылай» атты тарихи драмасы сахнаға дайындалып, кеше ғана премьерасы көрсетілді.
Сондай-ақ, театр сахнасында қазақ халқының тәуелсіздігі жолындағы жалынды күрескер Тұрар Рысқұлов туралы Шерхан Мұртазаның «Тұрар. Сталинге хат», Нұрлан Оразалиннің «Қилы заман», Мархабат Байғұттың «Асқаровтың ақ қайыңдары» қойылымдары көрсетілді.
Жыл бойы «Тәуелсіздік - тұғырым» айдарымен театр артистерінің жеке шығармашылық орындауларын әлеуметтік желілер арқылы көрсету жүзеге асырылып келеді.
Театр биылғы жылды жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған шаралармен бастады. Театр тарапынан «Жыр алыбы - 175» тақырыбы аясында «Атыңнан айналайын, Әулиеата!», «Ленинградтық өренім!», «Ақын мен батыр», «Халықтар достығы», «Баталы ер арымас», «Жамбыл жырлары» атты бейнероликтер түсіріліп, әлеуметтік желілер арқылы көрсетілді. Енді, алдағы айларда белгілі қаламгер Иран Ғайыптың жаңадан жазылған «Жамбылдың Қызыл жолбарысы» атты драмасын сахнаға дайындау жоспарда тұр.
Биыл театрдың құрылғанына 85 жыл толып отыр. Театр мерейтойына орай, алдағы күзде Асқар Тоқпановтың бүкіл Қазақстандағы шәкірттерінің басын қоса отырып, ауқымды мерекелік іс-шара өткізілетін болады.
Жыл басынан бері облыстық «Jambyl» телеарнасынан айына екі рет эфирге шығарылып тұратын 10-15 минуттық «Театрым – тағдырым» атты телебағдарлама ашылып, ұйымдастырылып келеді.
Биыл жыл басынан бері бірқатар жаңа қойылымдар дайындалып, сахнаға шығарылды. Мәселен, жазушы-драматург Болат Бекжановтың «Айболит пен қарақшы» ертегі қойылымының премьерасы, Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай, балаларға арналған «Ана-Дала» жаңа ертегі қойылымы және ересектерге арналған жаңа қойылым - Георгий Хугаевтің «Шекпен» атты әпсанасы, сонымен қатар, бүгінгі күн тақырыбына қырғыз драматургі Бексұлтан Жакиевтің «Жүрейікші жүрек ауыртпай» трагикомедиясы сахнаға шығарылды.
«Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалары аясында бірқатар қойлымдар көрсетілді. Облыс аудандары мен ауылдарына көшпелі және гастрольдік қойылымдармен барып, ауыл халқы арасында театр өнерін насихаттау, тәрбиелік-танымдық маңызы зор қойылымдар көрсету, ауыл тұрғындарымен, оқушылармен тағылымды кездесулер өткізу шаралары жоспарланып, жүзеге асырылып келеді.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай театрда «Ашық есік» күндерін өткізіп, түрлі әлеуметтік топтағы азаматтар мен балаларға қайырымдылық шара ретінде тегін спектакльдер көрсету жоспары жасалып, жүзеге асырылуда.
Коронавирус пандемиясына байланысты шектеулер әлі де жалғасып келе жатқанымен, театр тарапынан барлық санитарлық талаптар сақтала отырып, залдың жалпы сыйымдылығының 30%-ін пайдалану құқымен әрбір қойылымға 50-60 адамдай көрермен шақырылып, көрермен мен театр арасындағы байланыс үзілмей жалғасып келеді.
Театрымыздың алдағы күздегі жаңа маусымының ашылуында, театрдың 85 жылдық мерейтойында, Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесінде аман-есен жолығайық, ардақты көрермен қауым, - деп аяқтады сөзін, театр басшысы.

25.06 2 25.06 2 25.06 2 25.06 2 25.06 2 25.06 2