Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Сенім телефоны:
+7 (7262) 45-53-25
Тараз қ, Абай проспект, 115

30.06 1

2021 жылдың 6 шілдесі күні, сағат 20.30-да «Төрткүл» керуен сарайында, ашық аспан астындағы сахнада Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» трагедиясының қойылымы болады.

КІРУ ТЕГІН!

Өтетін орны: Төрткүл керуен сарайы, Ы.Сүлейменов көшесі, 195А

Халық жазушысы Ғабит Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» трагедиясында Қозы мен Баянның шынайы, мөлдір махаббаттарын қорғау жолындағы күрестері, зұлым топтан көрген қиянаттары мен ерліктері баяндалады.

Қоюшы- режиссері – Шыңғыс Айтматов атындағы Халықаралық сыйлықтың иегері Қуандық ҚАСЫМОВ.

Қоюшы суретшісі – ҚР «Мәдениет қайраткері» белгісінің иегері Қалтөре Жұмағұлов.

ЕСКЕРТУ: Пандемияға қарсы талаптарға байланысты қойылымға келушілер медициналық маска тағып келуге міндетті!.

@madeniet_jambyl

#ТеатрТараз
#ТөрткүлКеруенСарайы
#таразда2021
#ҚозыКөрпешБаянсұлу
#трагедия