Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Сенім телефоны:
+7 (7262) 45-53-25
Тараз қ, Абай проспект, 115

07.07 1

2021 жылдың 6 шілдесі күні, «Төрткүл» керуен сарайында, ашық аспан астындағы сахнада Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» трагедиясының қойылымы өтті.

Қойылымның басты мақсаты:
-6 шілде – ЕЛОРДА күні мерекесіне орай Тараз қаласы тұрғындары мен қонақтары үшін кешкі мәдени-тынығу іс-шарасын ұйымдастыру.
-Белгілі һас шебер суреткер, Қазақстанның халық жазушысы Ғабит Мүсіреповтің «Қозы - Көрпеш – Баян сұлу» пьесасына негізделіп жасалған аталған сахналық қойылымды көрсету арқылы көрерменді қазақ әдебиетінің бастауында тұрған осынау бірегей классикалық туындының мазмұнымен, идеясымен терең таныстыру, кейінгі толқын ұрпаққа Ұлы даланың ұлы есімдерін танытып, насихаттау, жастардың төл әдебиетіміз бен өнерге деген қызығушылықтарын арттыру болып табылады.
Көрерменнің көз алдында махаббат лирикасымен басталып, арты трагедияға ұласатын қойылым оқиғасы қос ғашық Қозы мен Баянның адал да пәк, кіршіксіз таза сүйіспеншілік сезімдерін қорғау жолында мерт болуымен аяқталады. Алайда, Қозы мен Баян адал сүйіспеншіліктері жолындағы осы ерліктерімен махаббат атты өшпес, ескірмес сезімге мәңгілік ескерткіш орнатып кетті.
Қоюшы- режиссері – Шыңғыс Айтматов атындағы Халықаралық сыйлықтың иегері Қуандық ҚАСЫМОВ.
Қоюшы суретшісі – ҚР «Мәдениет қайраткері» белгісінің иегері Қалтөре Жұмағұлов.

@madeniet_jambyl

#ТеатрТараз
#ТөрткүлКеруенСарайы
#таразда2021
#ҚозыКөрпешБаянсұлу
#трагедия

07.07 1 07.07 1 07.07 1 07.07 1