Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Сенім телефоны:
+7 (7262) 45-53-25
Тараз қ, Абай проспект, 115

24.09.21

Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры 86-шы маусымын жазушы-драматург Е. Әлімжанның "Абылай" тарихи драмасымен ашады.


Өтетін уақыты:

30 қыркүйек,
19.00-де
касса: 45-79-89, 8 (707) 663-77-78

Билетті театр кассасынан ала аласыздар!

БАҒАСЫ: білімгерлерге, оқушыларға, жасөспірімдерге - 500 тг,
үлкендерге-1000 тг

ЕСКЕРТУ: Пандемияға қарсы талаптарға байланысты қойылымға келушілер міндетті түрде медициналық маска тағып келу және «ASHYQ» мобильді қосымшасы арқылы кіреді.

Шығарма оқиғасында Абылай ханның Қазақ даласын сырт жаулардан қорғап, ел тыныштығын сақтауда көрші жатқан алып мемлекеттер: Ресей және Қытай елдерімен жүргізген көреген саясаты, Жоңғар басқыншыларымен күресте көрсеткен батыл шешімдері мен қадамдары бейнеленеді.

Абылайдың даналығы мен қайтпас қайсарлығы, ерлік істері кеңінен көрініс табады. Махаббат сезіміне беріктігі мен жасаған дұрыс байламы насихатталады.