Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Сенім телефоны:
+7 (7262) 45-53-25
Тараз қ, Абай проспект, 115

Асқар Тоқпанов  атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай белгілі ақын,  драматург Иран Ғайыптың (Иранбек Оразбаевтың) жаңадан жазылған, әлі ешбір театрда қойылмаған «Жамбылдың Қызыл жолбарысы» атты жаңа драмасын сахнаға дайындап, премьерасын көрсетті.20.10.21 1

Осы орайда, бүгінгі таңда барша еліміздің театрларында сахналанып жүрген Жамбыл Жабаев тақырыбындағы драмалық шығармалар саны саусақпен санарлық қана екендігін айта кеткен абзал.
Нақты атап айтар болсақ, бүгінгі күні Қазақстан театрлары С.Жүнісовтің «Жамбылдың даңғыл да тарғыл жолдары» және Қ.Ысқақ пен Ә.Таразидың «Алатау сынды алыбым» атты екі пьесасын ғана сахнаға шығарып жүр.
Ал, жуырда ғана жазылып, «Жұлдыз» журналының жыл басындағы санында жарық көрген Иран Ғайыптың «Жамбылдың Қызыл жолбарысы» атты жаңа драмасын Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры бірінші болып сахналауды қолға алды.
Драманы сахнаға дайындаған қоюшы-режиссері - Ш.Айтматов атындағы Халықаралық сыйлықтың иегері, белгілі талантты режиссер Қуандық Қасымов. Қоюшы-суретшісі – ҚР Мәдениет қайраткері, белгілі суретші Қалтөре Жұмағұлов.
Қойылым оқиғасында - жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың дүниеге келуі, жігіттік шағы, Бұрым қызға ғашық болуы, Сүйінбайдың батасын алуы,  сал-серілік, ақындық,  жыраулық жолға түсіп, айтыстарға қатысып, елге танылуы, сыршыл ақын Айкүміспен,  адуынды ақын Құлманбетпен айтыстары суреттеледі. Бір ерекшелігі – Жамбыл Жабаев қайда жүрсе де, киелі жанның қорғаушысындай,  елес болып, бір Қызыл жолбарыс ақынның  маңайында жүреді.
Қызырлы қызыл жолбарыстың аңыз емес, шындық екендігін, өзі  Сүйінбайдан бата алған күннен бастап, сол киелі аң ылғи өзін маңайлап жүретіндігін Жамбыл атамыз өзі айтса керек.

20.10.21 2 20.10.21 3 06.10.21 5 20.10.21 4 20.10.21 6 20.10.21 720.10.21 8 20.10.21 9 20.10.21 10