Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Сенім телефоны:
+7 (7262) 45-53-25
Тараз қ, Абай проспект, 115

22.10.21 1

Өтетін уақыты:

25 қазан,
18.30-да
касса: 45-79-89, 8 (707) 663-77-78

Билетті театр кассасынан ала аласыздар!

БАҒАСЫ: білімгерлерге, оқушыларға, жасөспірімдерге - 500 тг,
үлкендерге-1000 тг

ЕСКЕРТУ: Пандемияға қарсы талаптарға байланысты қойылымға келушілер міндетті түрде медициналық маска тағып келу және «ASHYQ» мобильді қосымшасы арқылы кіреді.

Асқар Тоқпанов  атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай белгілі ақын,  драматург Иран Ғайыптың (Иранбек Оразбаевтың) жаңадан жазылған, әлі ешбір театрда қойылмаған «Жамбылдың Қызыл жолбарысы» атты жаңа драмасының, премьерасына шақырады!

Драманы сахнаға дайындаған қоюшы-режиссері - Ш.Айтматов атындағы Халықаралық сыйлықтың иегері, белгілі талантты режиссер Қуандық Қасымов. 🔹Қоюшы-суретшісі – ҚР Мәдениет қайраткері, белгілі суретші Қалтөре Жұмағұлов.

Қойылым оқиғасында - жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың дүниеге келуі, жігіттік шағы, Бұрыызға ғашық болуы, Сүйінбайдың батасын алуы,  сал-серілік, ақындық,  жыраулық жолға түсіп, айтыстарға қатысып, елге танылуы, сыршыл ақын Айкүміспен,  адуынды ақын Құлманбетпен айтыстары суреттеледі.