Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры ақын – Айша Көпжасарованың 80 жас мерейтойына орай «Көңілге көктем сыйлаған» атты шығармашылық өнер кешін ұйымдастырды.
Іс-шара барысында ақынның баспадан жаңа шыққан «Ақшуақ» атты екі томдық жыр жинағының тұсаукесері болып, ақын өмірі мен шығармашылық жолына арналған театрландырылған көрініс және бейнефильм көрсетілді. Сондай-ақ, концерттік номерлерге кезек берілді.
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары – Сара Мадиева алғашқы құттықтау сөз кезегін алып, басқарма басшысы – Ерлан Жүнісбайдың құттықтауын жеткізді. Сонымен қатар, облыс және Қазақстан Жазушалыр одағының облыстық филиалының басшылығы, Айша Жұмағұлқызының рухани әріптестері мен замандастары, шәкірттері және ақын-жазушалар жүрекжарды тілектерін айтып, сөз сөйледі.
Іс-шараға ақын Айша Көпжасарованың өзі қатысып, өмірі мен шығармашылығынан сыр шертті. Одан әрі белгілі әншілер: ақынның ұлы Бүркіт (Айбек) пен келіні Айиша аналары – Айша Көпжасарованың сөзіне жазылған әндерді орындады.
Эстрада жұлдызы – Мұқасан Шахзадаев шығармашылық кештің жұлдызды қонақтарының қатарынан табылып, кештің көркін қыздыра түсті.