Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Сенім телефоны:
+7 (7262) 45-53-25
Тараз қ, Абай проспект, 115

26.10.21 1

Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры  жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай сахнаға дайындап шығарған «ЖАМБЫЛДЫҢ ҚЫЗЫЛ ЖОЛБАРЫСЫ» драмасының авторы, белгілі ақын, драматург Иранбек Оразбаев  (Иран Ғайып) осы драманың кезекті премьерасын  тамашалауға   Тараз қаласына келді.
Ол, өзі авторы болып табылатын «ЖАМБЫЛДЫҢ ҚЫЗЫЛ ЖОЛБАРЫСЫ» драмасының кезекті премьерасын тамашалау алдында облыс әкімдігі ғимаратының алдындағы жыр алыбы - Жамбыл Жабаев бабамыздың ескерткішіне гүл қойып, ақын рухына тағзым етті, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері – журналистерге сұхбат берді.
Иран Ғайып ағамыз журналистер тарапынан қойылған  кезекті  сауалға  орай,  бұл драмадағы Қызыл жолбарыс, ол – ел аузында таралған аңыздарда  айтылатындай,  бағы жанып тұрған киелі адамға  қонатын –  бақ пен кие көрінісі, - деп жауап берді.
Қызыл жолбарыс түрінде көрінетін  сол бақ пен кие сонау ертедегі Асан Қайғы бабамыздан бері  талай ғұламаларға қонған болса,  19-ғасырдың соңғы ширегінде жыр сүлейі Сүйінбай бабамыздан  жас Жамбыл  ақынға  қонса керек.  

26.10.21 2 26.10.21 3 26.10.21 4 26.10.21 5