Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Сенім телефоны:
+7 (7262) 45-53-25
Тараз қ, Абай проспект, 115

Алматы облысында өтіп жатқан Жамбыл облысының мәдени күндері  А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының «Жамбылдың қызыл жолбарысы» драмасымен өз мәресіне жету жоспарланған.
Соған орай А.Тоқпанов атындағы Жаамбыл облыстық қазақ драма театрының ұжымы Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрының жаңа ғимаратына қазақы дәстүрге сай шашу шашып келді. Қос театрдың ұжымы басқосқан жиында екіжақты сыйластық пен мәдени һәм рухани жарасымдылық нығая түсті.

"Жамбылдың қызыл жолбарысы" драмасын жетісулықтарға алып келген өнер ұжымын Талдықорған жұрты жылы шыраймен күтіп алып, шығармашылық табыстар тіледі.