Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Сенім телефоны:
+7 (7262) 45-53-25
Тараз қ, Абай проспект, 115

Жамбыл облысының Түркістандағы күндері аясында киелі Әулиеата жерінен шыққан  мәдени керуен Түркістан қаласына жетті. «Ұлы Жібек жолы. Тарих қойнауынан – түркілер бесігіне» атты Жамбыл облысының керуенін Түркістан облысының әкімі – Өмірзақ Шөкеев бастаған түркістандықтар үлкен қуанышпен қарсы алды.

Көшті бастап келген Жамбыл облысының әкімі – Бердібек Сапарбаев өз сөзінде Тараз бен Түркістан тарихы терең, егіз қозыдай қала екендігін атап өтіп, құшақ жая қарсы алып жатқан түркістандықтарға жамбылдықтардың атынан алғыс білдірді. Ал Түркістан ооблысының әкімі – Өмірзақ Естайұлы түрленген Түркістанға келген Жамбыл облысының керуенін көргеніне қуанышты екендігін жеткізді.

Қос қаланың арасындағы рухани һәм мәдени сабақтастықты арттыра түскен шара Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының мәдени іс-шараларына ұласты.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің
30 жылдығы және Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы шеңберінде  ұйымдастырылған «Жамбыл облысының Түркістан қаласына мәдени күндері» аясында өткізілген іс-шараға
Асқар Тоқпанов атындағы  Жамбыл облыстық қазақ драма театры
«Алты Алаштың Түркістанына – әл-Таразилер тартуы» атты театрландырылған қойылымын көрсетті.