Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Сенім телефоны:
+7 (7262) 45-53-25
Тараз қ, Абай проспект, 115

Шоңбаев Әбу Құрмантайұлы 1976 жылдың 14 қыркүйегінде туылған.

Жамбыл облыстық қазақ драма театрында 1999 жылдан бері еңбек етіп келеді.

Білімі жоғары. Түркістандағы Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің актерлік бөлімін бітірген.

Ә.Шоңбаев өзіне тапсырылған рольдерді байыпты ойнауға күш салады. Көбінесе терең тартысты қойылымдардағы қосалқы рольдерде шыңдалып келеді. Бірнеше жетекші образдарды сәтті шығарған кездері бар. Сахнадағы қарапайым қимыл-әрекеттерді нанымды суреттейді. Еңбекқор.Тиянақты.

Әр кездері театр репертуарындағы әр алуан жанрлардаға қойылымдарда басты, негізгі және жанама кейіпкерлерді сомдап, өзін шебер актер ретінде танытып келеді.

Ә.Шоңбаев соңғы жылдары театр репертуарында:

 - Қ.Байсейітов  пен  Қ.Шаңғытбаевтың «Беу, қыздар-ай» комедиясында  ауыл  шаруашылығы  бастығы;

- С.Мұқышевтың  «Апандағы адамдарында» Кейқуат;

- Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері -Ақтоқты» трагедиясында Балта;

- Г.Хугаевтің  «Шекпенінде » Кико;

- Иран Ғайыптың  «Жамбылдың  қызыл  жолбарысында» Жамбылдың әкесі - Жапа;

- Б.Мұқайдың «Сергелдең  болған  серілерінде»  Нұрбай;

- Ш.Мұртазаның «Тұрар.Сталинге  хатында» Жүкші;

- С.Құдайбергеннің «Періште қонған үй» драмасында Ағай  рольдерін жоғары деңгейде сомдап келе жатқан талантты актер.

Бұдан өзге «Жыр  алыбы -175» атты Ж.Жабаевтың  175 жылдығына  орай  дайындалған «Атыңнан  айналайын  Әулиеата», «Ленинградтық  өрендерім!», «Баталы  ел  арымас» бейнероликтерінде  Жамбыл  Жабаевтың бейнесін сомдады.

Әбу  Шоңбаев, сондай-ақ, М.Томанов пен М.Ахмановтың «Екі дос» ертегісінде - Қойшы шал, М.Ақүрпековтің «Жақсы шәкіртінде» - Ойшыл ата рольдерін сомдап келеді.

Ә.Шоңбаев қоғамдық жұмыстарға белсене араласады.Өзіне  жүктелген міндеттерді жоғары  жауапкершілікпен атқаратын айтулы  сахна  саңлағы.

Сомдаған рольдері және мәдени-көпшілік шараларға тұрақты қатысқаны үшін облыс  әкімінің және театр басшылығы тарапынан берілген Алғыс хаттардың,  Грамоталардың иегері. 20 жылдан  аса  уақыт жоғары актерлік шеберлігімен танылып келе жатқан  Әбу  Шоңбаев  2021  жылы «ҚР Мәдениет саласының үздігі» белгісімен   марапатталды.