Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Сенім телефоны:
+7 (7262) 45-53-25
Тараз қ, Абай проспект, 115

Қондыбаева Әсем Жұмахметқызы 1997 жылы 26 маусымда Жамбыл облысы, Тараз қаласында дүниеге келген.

Білімі – арнаулы орта. 2018 жылы Абай атындағы  Жамбыл гуманитарлық колледжін сөйлеу жанрының артисі мамандығы бойынша бітірген.

Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында 2017 жылдан бері актерлік қызмет атқарып келеді.

Әсем Қондыбаева осы уақыт аралығында бірнеше басты және негізгі кейіпкерлер бейнесін сомдап,  өзін жан-жақты қалыптасқан шебер актриса ретінде танытты.

Ол түрлі жанрлардағы қойылымдарда әр алуан болмысты қыздар образын режиссерлік шешімге сәйкес шебер шығара алатын талантты актриса. Сахна төрінде ол шығарған Ақтоқты бейнесі, Нази қыздың іс-қимылы мен келбеті және басқа да рольдері өте жанды да сенімді шығуымен ерекшеленіп, көрерменін тәнті етіп келеді.

Әсем Қондыбаеваның бірқатар ойнаған рольдерін атап өтсек, олар:

- Б.Айдарбековтің «Тағдыр тәлкегі» драмасындағы Жаңыл ролі;

- Спандияр Мұқышевтің «Апандағы адамдар» трагикомедиясындағы Хатшы қыз  ролі;

- Ғабит Мүсіреповтың «Ақан Сері – Ақтоқты» драмасындағы Ақтоқты ролі;

- Мар Байжиевтің «Сен, Мен!» драмасындағы  Нази қыз ролі;

- Қанат Жүнісовтың «Алғашқы махаббат» комедиясындағы Сайра ролі;

-Қ.Қасымовтың  «Желсіз түнде  жарық ай» композициялық қойылымында Әйгерім;

- Г.Хугаевтің  «Шекпен» әпсанасында Қой;

- Е.Әлімжанның  «Абылай» тарихи  драмасында Топыш  ханым;

-С.Құдайбергеннің  «Періште қонған үй» драмасында Зина;

- Қ.Мұраттың «Мұғалім» қойылымында  Айдана Айдарбекқызы;

-С.Пірмановтың «Ұлт Ұстазындағы» көпшілік сахнадағы  шәкірттер ролі.

Әсем Қондыбаева актерлік шеберлігін  арттыруға  ынта-қабілеті  зор, өз міндетіндегі барлық  тапсырмалар мен жүктемелерді және берілген рольдерді орындауда біліктілігі жоғары, жауапкершілігі  мол өнер иесі. Аға буын өнер иелерін ұстаз тұтып, олардан актерлік техниканың әр алуан элементтерін үйренуден жалықпайды. 

Театр басшылығы тарапынан бірнеше рет Алғыс хаттарға және облыс  әкімдігі мәдениет,архивтер және  құжаттама басқармасының Грамотасына ие болған.