Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Сенім телефоны:
+7 (7262) 45-53-25
Тараз қ, Абай проспект, 115

Ердалиев  Медеу Кайратұлы  1996 жылы 30 маусымда Ташкент облысы, Жұмабазар ауылында дүниеге келген.

Білімі – жоғары. 2018 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетін  «Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығы бойынша бітірген.

Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында 2018 жылдан бері актерлік қызмет атқарып келеді.

Медеу Ердалиев осы уақыт аралығында бірқатар қойылымдар мен балаларға арналған ертегілерде бекітілген рольдерді сомдап, шеберлігімен көзге түсті.

Өзін талпынысы зор, ізденімпаз, жауапкершілігі жоғары актер ретінде танытып келеді. 

Ол Болат Бекжановтың «Айша бибі» махаббат дастанындағы Қарахан ролінде ойнау мүмкіндігіне ие болып, Қарахан  образын еш жасандылықсыз,  шынайы сомдап, сәтті шығарды.

М.Ердалиев  сондай-ақ,  өзі сомдаған кейіпкерлер бейнелерін сан қырынан танытып, құбылтып шығара алатын шебер актер ретінде танылып келеді.

Медеу Ердалиевтің соңғы кездері ойнаған рольдерінің бірқатарын атап өтсек, олар:

- Қ. Қасымовтың «Қыз жібек» саунд драмасындағы Жігіт ролі;

- С.Мұқышевтің «Апандағы адамдар» трагикомедиясындағы Хатшы  ролі;.

- Ғ.Мүсіреповтің «Ақан Сері – Ақтоқты» драмасындағы Жігіт ролі;

- Б.Бекжановтың «Айша бибі» махаббат дастанындағы Қарахан ролі;

-Қ.Жүнісовтің «Алғашқы махаббат» комедиясындағы  Жасболат ролі;

-У.Шекспирдің «Гамлет» трагедиясында Розенкранц образын;

 -Г.Хугаевтің  «Шекпен» әпсанасында Қой кейіпкерін;

- Е.Әлімжанның  «Абылай» тарихи драмасында Әмірсана бейнесін;

-Қ.Мұраттың «Мұғалім» драмасында Нариман образын;

- Қ.Қасымовтың «Шер-Хан»драма- элегиясында Сәттіғұл ролін;

-С.Пірмановтың  «Ұлт Ұстазы» қойылымында шәкірттер ролінде;       

-Б.Бекжановтың  «Айболит пен қарақшы» ертегісінде Мысық ролін;

Актерлік шеберлігін шыңдау үшін тұрақты  түрде ізденіс жасап жүретін ізденімпаз, еңбекқор актер. 

М.Ердалиев 2021 жылы салалық мәдениет, спорт,туризм және  ақпарат қызметкерлері кәсіптік одағы Жамбыл облыстық филиалының Грамотасымен  марапатталған.Облыстық мәдениет басқармасының және облыстық кәсіподақтың дипломдары мен Алғыс хаттарын алған.