Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры

+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Сенім телефоны:
+7 (7262) 45-53-25
Тараз қ, Абай проспект, 115

Мадумаров Сухраб Акрамжанұлы 1986 жылы 2 сәуірде Жамбыл облысы, Жаңатас қаласында дүниеге келген.

2008 жылы М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың көпсалалы колледжін «Актер өнері» мамандығы бойынша бітірген.

2012 жылдан бастап Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында актер болып қызмет етеді.

Актерлық шеберлігі қалыптасқан, көптеген қойылымдарда басты рольдерді сомдап, шыңдалған актер.

С.Мадумаров  соңғы жылдары театр репертуарындағы:

-Иран Ғайыптың  «Жамбылдың қызыл жолбарысында» Қуғыншы ролін;

-Қ.Қасымовтың «Қыз  жібек» саунд драмасында Төлегенді;

-Қ.Мұраттың  «Мұғалім» драмасында  Тоқтар Болатовичті;

-Қ.Қасымовтың «Шер-Хан»драма-элегиясында милиционер;

-М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» трагедиясында Кебек;

- Н.Оразалиннің «Қилы заманында» - Жігіт;

- Ш.Айтматовтың «Ана-Жер-анасында» - биші жігіт;

- Б.Айдарбековтің «Тағдыр тәлкегінде» - Ұлттық қауіпсіздік комитеті жауынгері;

- А.Бекбосынның «Домалақ енесінде» - Сары бәйбішенің 6 ұлының бірі образдарын шебер ойнап келе жатқан  талантты актер.

Сондай-ақ, Ж.Омаровтың «Құлыншақ пен бөлтірігінде» - Қасқыр, Б.Соқпақбаевтың  «Қожанасыр келе жатырда» - Қожа, Есек, А.Атымтаеваның «Кім патшасында» - Кірпі, М.Томанов пен М.Ахмановтың «Екі досында» - Қарға бейнелерін сомдайды.

Театр басшылығының Алғыс хаттарымен марапатталған.