Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

17.11.21 1

Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының шығармашылық ұжымы Тараз қаласында өтіп жатқан «Анаға тағзым» республикалық форумының қонақтары үшін белгілі жазушы-драматург Арғынбай Бекбосынұлының «Домалақ ене» символикалық драмасын көрсетті.
Драманың қоюшы режиссері – белгілі режиссер, Ш.Айтматов атындағы Халықаралық сыйлықтың, сондай-ақ, көптеген Халықаралық және республикалық театр фестивальдарының лауреаты, «Театр тарланы» сыйлығының   иегері  Қуандық Қасымов.


Драмада белгілі тарихи тұлғалар Бәйдібек баба мен Әмір Темір (Ақсақ Темір)  өмір сүрген кезеңдегі солармен байланысты әлденеше оқиғалар әсерлі көрініс табады. Сондай-ақ,   Домалақ ене – Нұрилә  анамыздың Әулие ана болып танылуы тарихи және аңыз әңгімелер негізінде қызықты баяндалады.
Драмада Бәйдібек Қарашаұлы бабамыздың ролін Халықаралық театр фестивалінің лауреаты, ҚР Мәдениет саласының үздігі Мәлік Ақүрпеков сомдап, оның парасатты би, аса салмақты ақыл иесі, қол астындағы өзіне қарасты барша халықтың басалқалы басшысы, байыпты төрешісі ретіндегі образын бар сыр-қырымен жарқырата ашып берді.
Ал, Домалақ ене – Нұрилә апа ролін сомдаған театр артисі Жадыра Құлтаева өз кейіпкерінің бойындағы үлкен ақыл-парасатты, ақжарма адал жүрек, зор адамгершілік қасиеттер мен өмірлік жары Бәйдібекке және оның әулетіне деген кіршіксіз  таза махаббатын, сондай-ақ,  ең бастысы, оның адам таң қаларлық кереметтей әулиелік  қасиеттерін  көрерменін    сүйсінте  отырып,   асқан  шеберлікпен  жеткізе білді.
Драмада Ақсақ Темір мен Бәйдібек бидің кездесуі жылы шырай, жайма-шуақ жағдайда өтеді. 
Ақсақ Темір ролін сомдаған  талантты  артист, ҚР Мәдениет саласының үздігі  Кенен Ақүрпеков өз кейіпкерінің бүкіл болмысын  тарихтан  және ел аузынан белгілі ерекшеліктерге сай, шынайы суреттеп, көрсете білді. Әсіресе, Ақсақ Темірдің ақсаңдап басып жүргенін, насыбай атқандағы іс-қимылдарын, сөйлеу нақыштарын барынша нанымды да көркем жеткізді.
Рухия роліндегі артист, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты Анар Алтыбаева  үнемі ақ сағым мен бұлтқа оранған рух пен елес түрінде көрініп, Домалақ ене-Нұриләға күш-қайрат, сенім, жігер беріп отырды. Қоюшы-режиссер Қуандық Қасымов қойылымдағы осындай детальдарды өте сәтті пайдаланған.
Көрермен қауым койылымдағы басқа да кейіпкерлерді сомдаған артистер ойынына жоғары ықыластарын танытып, риза болып тарқасты. 

17.11.21 2 17.11.21 2 17.11.21 2 17.11.21 2 17.11.21 2 17.11.21 2 17.11.21 2 17.11.21 2 17.11.21 2