Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

02.12.21 1

Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай жазушы,  драматург А. Бекбосынұлының  "Домалақ ене"   символикалық драмасын сахналады.

Драмада қазақтың тарихтан  белгілі  биі  Бәйдібек баба  мен Домалақ ененің ел мен жерді сақтау, халық  бірлігін нығайту,  көрші елдермен,  оның ішінде, әсіресе,  Әмір Темір империясымен дұрыс  қарым - қатынас орнату істері баяндалады.

Қойылымды  тамашалаған  көрермендер ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналып қойылған  "Домалақ ене" қойылымының идеялық мәні мен актерлар ойынының  көркемдік сипатына,   деңгейіне лайықты бағаларын беріп тарқады.

Осы орайда, барша өнерсүйер қауымды, театр көрермендерін, әріптестерімізді,  Тараз қаласы жұртшылығын бүгінгі ҚР Тұңғыш Президенті күнімен  құттықтай отырып, желтоқсан айындағы алдағы мерекелерде де  театр қойылымдарын бірге тамашалауға  шақырамыз!