Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

🔹Бірлік пен ынтымақ тойына айналған Наурыз мерекесіне орай Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен «Қош келдің, әз Наурыз!» мерекелік концерті өтті.

🔹К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының және А.Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының өнерпаздары мен эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен концерт «Көне Тараз» этномәдени кешенінде ұйымдастырылды.

 

🔹Думанды концерт «Төрткүл» керуен сарайынан аттанған «Наурызкөш» керуенін күтіп алумен басталып, аймақ басшысы Бердібек Машбекұлының жылашар тілегімен салтанатты түрде ашылды.

🔹Шара барысында Досымжан Таңатаров, Мадина Садуақасова, «Алашұлы», «Топжарған» топтары сынды эстрада жұлдыздары Әулиеата аспанын әсем әуенге бөледі. Сондай-ақ, жергілікті өнерпаздар да өз өнерлерімен көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Бір жарым сағатқа созылған мәдени іс-шара елордалық «Жастар» театрының сахналандырылған көрінісімен қорытындыланды.

#жамбыл_мәдениет_ақпарат
#таразтеатр
#наурызмерекесі