Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

 

🔹Алматы қаласында Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Өнертану» факультеті және Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ұйымдастыруымен Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Тәуелсіз Платиналы «Тарлан» сыйлығының иегері, көрнекті театр сыншысы, профессор Әшірбек Төребайұлы Сығайдың 75 жасқа толуына орай «Бүгінгі театрлық процестегі өзекті мәселелер: теория және практика» атты Халықаралық ғылыми-теориялық (онлайн/оффлайн) конференция өткізілді.

 

🔹Осы іс-шара аясында Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Әшірбек Сығай тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды.

🔹Сондай-ақ, Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясы, «Өнертану» факультеті, «Театртану» мамандығы студентіне «Ә.Сығай атындағы шәкіртақы» тағайындалып, тапсырылды.

🔹Аталған шараларға шетелдік және отандық танымал ғалымдар, қоғам және өнер қайраткерлері, өңірлік театрлардың өкілдері де қатысты.

🔹Өңірлік театрлардан шақырылған қонақтар арасында біздің де өз өкіліміз – Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының труппа меңгерушісі, театртанушы Бахтияр Көпбосыновтың болғанын айта кеткеніміз абзал.