Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

🔹Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында
Халықаралық театр күніне орай мерекелік іс-шара өткізілді.

🔹Негізгі мақсаты театрдың шығармашылық құрамының төл мерекесіне жоғару мән беру, сахна өнері мен еңбекте ерекшеленген шығармашылық өкілдерін және театр мамандарын материалдық – моральдық тұрғыда қолдау, театрландырылған қойылым көрсету негізінде актерлік шеберлікті шыңдау, құттықтау, марапаттау шараларын өткізу болып табылатын мерекелік кеш арнайы шақырылған қонақтар мен көрерменнің және актер мамандығына оқып жатқан студент-жастардың қатысуымен өткізілді.

🔹Мерекелік кеш алдында қонақтар назарына театрдың өткен жылы атқарған негізгі жұмыстары мен қол жеткізген жетістіктері жөнінде бейнекөрініс көрсетілді.

🔹Одан соң, мерекеге арналған қызықты театрландырылған көрініске, М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінің «Мәдени-тынығу» факультетінің, сондай-ақ, Абай атындағы гуманитарлық колледжінің «Актерлық өнер» бөлімі студенттерінің орындауларындағы композициялық қойылымдарға, облыстық филармония әншілерінің концерттік номерлеріне және құттықтаулар мен марапаттауларға кезек берілді.

🔹Алғашқы құттықтау сөз кезегі Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Жүнісбай Ерлан Нұрманұлына берілді.

🔹 Төл мерекелеріне орай театр ұжымына жүрекжарды ақ тілектерін жеткізген басқарма басшысы одан соң, театр артисі Бексұлтан Әлекешов, вокалист Дидар Игликов және реквизитор Жалғат Айтуеваларды Алғыс хаттармен марапаттады.

🔹Артистер: Аружан Райымбек пен Байғали Мырзақұл Жамбыл облысы әкімдігінің Жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының Алғыс хаттарымен;

#театртараз
#ХалықаралықТеатрКүні