Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

🔹Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында облыстық ақпараттық топтың өкілдері: Жамбыл облысы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Солтыбаев Еркімбек Бейсенбекұлы және Тараз қалалық Қоғамдық кеңесінің мүшесі Үсенбаев Асан Үсенбайұлы театр ұжымымен кездесіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылдың 16 наурызында халыққа арнаған «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» атты жаңа Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндірді.

🔹Баяндамашылар Жаңа Қазақстан құрудағы жаңашылдықтардың бірі ретінде халықтың ел басқару ісіне араласу қағидасының өте құптарлық екендігін айтты.

🔹Бұл орайда, азаматтардың өкілді билікке деген сенімін нығайту үшін мәслихаттардың құқықтарының кеңейтілетінін, ал, мәслихаттар өз ретінде өзекті мәселелердің шешімін табуға және халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға өз ықпалдарын тигізе алатынын атап өтті. Сондай-ақ, мәслихаттардың облыс әкімдерін тағайындауға қатысуларына ерекше роль берілетіні де – дұрыс қадам екендігі айтылды.

🔹Сонымен қатар, сайлау жүйесіне енгізілетін өзгерістер, Конституциялық сот құру, жергілікті өзін-өзі басқаруды орталықсыздандыру, тәуелсіз әрі жауапкершілігі жоғары бұқаралық ақпарат құралдарын дамыту мақсатында БАҚ туралы заңды қайта қарау, үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтардың қоғамдағы белсенділігін барынша арттыру, ел бірлігінің ұйтқысы бола білетін, құрамы жағынан ауқымды Ұлттық Құрылтай құру мәселелері де – халық үнін жоғары билікке жеткізудің тиімді тетіктері болмақ.

🔹 «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы мен «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидаттары да «Жаңа Қазақстан құру» мақсатын ілгерілетудегі халықтың белсенділігін мейлінше арттыратын болады.

🔹 Партия мен билік арасындағы аражікті сақтау, Президенттің партия қатарында болмауы, әкімдердің партия жұмысына араласпауы сияқты талаптар да демократиялық қоғамда көпплюсті партиялардың бірдей дәрежеде болуын қамтамасыз ететін дұрыс қадамдар екендігі де айтылды.

🔹 Баяндамашылар «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының арқасында, жұртшылықтың ұсынуымен жүзеге асқан жобалар қатарында Ұлытау, Абай, Жетісу облыстарын құру және Алматы облысын Жетісудан бөлу мәселелерінің шешімін тапқанын, сондай-ақ, Қапшағай қаласын Қонаев қаласы деп атауды Мемлекет басшысының қолдағанын атап өтті.

🔹 Кездесу соңында театр директоры М.Ақүрпеков Президент Жолдауын түсіндіру үшін ұжыммен кездесуге келген ақпараттық топ өкілдеріне ризашылығын білдіріп, ұжым атынан алғысын жеткізді.