Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Өнер саласындағы Umai ұлттық сыйлығының тағайындалғанын хабарлайды.

 Сыйлық төрт негізгі санатта ұсынылды: «Театр өнері», «Хореографиялық өнер», «Музыкалық-орындаушылық өнер», «Бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер», олардың әрқайсысында өз аталымдары анықталған.

Бұдан бөлек, «Umai-2022» сыйлығы аясында Қазақстандағы Балалар жылына орайластырылған «Үздік балалар спектаклі үшін» арнайы сыйлығы тағайындалды.

Айта кету керек, іріктеуді өткізетін ұйымдастыру комитеті мен сараптау комиссиясының құрамына өнер салаларындағы танымал тұлғалар енді, олардың алдында үздіктің арасынан ең үздігін таңдау міндеті тұр. Байқауға өтінімдерді қабылдау 9 желтоқсанға дейін жалғасады.

Сыйлықты алуға Қазақстан Республикасының халықаралық және республикалық байқаулардың, фестивальдер мен көрмелердің лауреаттары болып табылатын азаматтары, сондай-ақ қызметтері Қазақстанның мәдениеті мен өнерін дамытуға ықпал ететін және инновациялық саналатын кандидаттар үміттене алады. Номинанттарды ұсынуды республикалық, өңірлік немесе жергілікті билік органдары, мәдениет ұйымдары, үкіметтік емес ұйымдар және қоғамдық бірлестіктер, шығармашылық одақтар мен қауымдастықтар, мәдениет пен өнер саласындағы оқу орындары жүргізе алады.

Umai ұлттық сыйлығының қатысушыларына арналған нұсқаулық қоса беріледі.

Ұйымдастыру комитетінің байланыс телефоны: 8 (7172) 70-96-28, 87013602019 Екатерина Ежкова.

Толығырақ ақпаратты осы жерден жүктей аласыз.