Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының шығармашылық құрамы Қазақстанның Халық артисі Мәкен Рахымжанова, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жүніс Әлімбеков және талантты актер Жандар Қырықбаев, театр директорының көрермендер жөніндегі орынбасары Жазира Дүйсенбаева қаламыздағы №48 Т.Рысқұлов атындағы мектепте ұйымдастырылған «Әдебиет пен өнер» тақырыбындағы әдеби кешке қонақ болып барды.

 

🔸Іс-шарада кеш қонақтары оқушылардың түрлі сұрақтарына жауап беріп, ұстаздардың дайындаған танымдық-қызықты ойындарына қатысты. Кездесу барысында М.Рахымжанова поэзиялық өлең оқып, Ж.Әлімбеков М.Байғұттың «Асқаровтың ақ қайыңдары» спектаклінен монолог орындады, ал Ж.Қырықбаев А.Бекбосынұлының «Домалақ ене» қойылымынан үзінді көрсетті. Өзге қонақтар да өз өнерлерімен бөлісті.