Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

Жамбыл облыстық қазақ драма театрында 2018 жылдың 13 желтоқсаны, бейсенбі күні сағат 18.30-да драматург С.Балғабаевтың «Ең жақсы еркек» атты комедия-фарсы қайырымдылық қойылым ретінде көрсетіліп, одан түскен қаржы ұзақ уақыттан бері лейкоз ауруымен ауыратын Тараз қаласындағы «77 ТВ» телеарнасының репортеры Альфия Мингазованың Израиль еліне барып емделуі үшін жинақталып жатқан қаржы қорына қайырымдылық ретінде қосылатын болады.

Тараз қаласы тұрғындары мен қонақтарын аталған қайырымдылық қойылымға келіп қатысып, жас журналист қыздың емделу шараларына үлес қосуға шақырымыз.

Билеттер арнайы таратушылар арқылы сатылады!

«Ең жақсы еркек» комедия-фарсы отбасы құндылықтарын бағалап, сақтау тақырыбына арналған қойылым.