Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

Жамбыл облыстық қазақ драма театрында 2018 жылдың 14 желтоқсаны, жұма күні сағат 16.00-де Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесіне арналып, жазушы-драматург А.Бекбосынұлының «Домалақ ене» атты символикалық драмасы көрсетіледі.

Тараз қаласы тұрғындары мен қонақтарын Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған аталған қойылымды тамашалауға шақырымыз.

Билеттер театр кассасында және арнайы таратушылар арқылы сатылады!

Драмада белгілі тарихи тұлғалар Бәйдібек баба мен Әмір Темір (Ақсақ Темір) өмір сүрген кезеңдегі солармен байланысты әлденеше оқиғалар әсерлі көрініс табады. Сондай-ақ, Домалақ ене – Нұрилә анамыздың Әулие ана болып танылуы тарихи және аңыз әңгімелер негізінде қызықты баяндалады.