Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

Бүгін Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры өзінің кезекті 88-ші жаңа маусымының шымылдығын ана мен баланы қорғау, отбасылық құндылықтарды нығайту, дамыту мақсатында мүмкіндігі шектеулі жандарға және жағдайы төмен отбасыларға арналған «Анаға құрмет!» акциясы аясында «Ашық есік» күндерін жариялап, драматург Сұлтанбек Құдайбергеннің «Періште қонған үй» драмасымен ашты.

 

Аталған іс-шара алдымен жаңа маусымның ашылу салтанатына орай дайындалған арнайы концерттік бағдарламамен басталып, одан әрі қойылым көруге ұласты.

Театрымызды сағынып, ыстық ықылас танытып, құрмет көрсеткен көрермендерімізге шексіз алғысымызды білдіреміз!

Жаңа маусым қойылымдары сіздерге тек жақсы көңіл-күй сыйласын! Әрдайым бізбен бірге болыңыздар!