Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

2023 жылдың 23 қыркүйек күні театрымыздың белді актрисасы, Қазақстанның Еңбек сіңірген артисі Майра Әлімбетованың 70 жас мерейтойына және актрисалық өнер жолының 50 жылдығына арналған «Мендік әлем – сұлу өнер сәніндей!» атты шығармашылық өнер кеші өтті.

 

Майра Жалмұханбетқызы кәсіби тұрғыда мейлінше толысып, шыңдалған, өзі сомдаған рольдерді аса сәтті де нанымды шығарып, театртанушылар мен көрермендер тарапынан лайықты бағасын алып, талай биіктерден көрінген дарынды актриса.

Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында жарты ғасырдан астам уақыт бойы актрисалық қызметін үзіліссіз атқарып, осы жылдар ішінде театр репертуарындағы көптеген спектакльдерде 50-ден аса басты рольдерді сомдап, актерлік шеберлігі толысып, жетілген білікті сахна майталманы.

Әлімбетова Майра - қазақ қызына тән биязылығымен, табиғи сұлулығымен, актерлік шеберлігімен, айшықты да әдемі сахналық қимыл-қозғалысымен ерекшелене білген талантты да еңбекқор актриса.

Театр ұжымы Сізді 70 жас мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтай отырып, деніңізге саулық, шаңырағыңызға береке-бірлік, сарқылмас шығармашылық шабыт тілейді!🥰