Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында белгілі режиссер Қуандық Қасымов сахналаған драматург Әлімбек Оразбековтің "Соқыр үміт" психологиялық драмасының премьерасы өтті.
Жаңа қойылым премьерасын көпшілік көрермендермен және шақырылған басшылармен қатар, арнайы келген қонақтар: шығарма авторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлімбек Оразбеков, белгілі режиссер Оразәлі Ақжарқын -Сәрсенбек, танымал талантты театр және кино актері Алдабек (Алдаш) Шалбаев, зиялы қауым және БАҚ өкілдері тамашалап, спектакльдің режиссурасы мен сценографиясына, актерлердің ойындарына лайықты бағаларын берді.
 
Оқиғасының әрбір көрінісі жаңашылдықпен, ақиқат өмірден алынған шындықпен өрілген шытырман оқиғаға толы жаңа қойылымды көрермен қауым да үлкен тебіреніс үстінде көріп, тамашалады.
Драма оқиғасында бір отбасында орын алған жан күйзетерлік ауыр жағдай баяндалады.
Бір отбасындағы осы ауыр жағдайдың артында отанасы мен оның перзенттерінің ауыр тағдыры тұр.