Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

3 сәуір күні Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында жыр алыбы Жамбыл бабамыздың рухын асқақтатып, өнерін жалғастырушы, еліміздің әр түкпірінен іріктеліп шыққан дүлдүл ақындардың қатысуымен «Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым!» атты республикалық ақындар айтысы өтті.

Аталған аламан бәйге Жамбыл облысы әкімінің қолдауымен, облыстық мәдениет басқармасының ұйытқы болуымен Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткенін айтуымыз қажет.

Айтыс додасында әр өңірден келген 10 жұп айтыскер ақындар сайысқа түсті.

Бірінен бірі оза шауып, сөз сайысын қыздырған от ауызды, орақ тілді ақындардың өнерін тамашалаған халық та делебелері қозып, арқаланып отырды...

Жастардан бастап, еңкейген қарияларға дейін, барлық көрермен айтыс қорытындысын аяғына дейін күтіп, айтыстан кеш тарқады...

...Айтыс қорытындысын белгілі ақын Жүрсін Ерман бастаған Қазылар алқасы жариялады.

Аламан айтысқа тігілген БАС ЖҮЛДЕ – автокөлікті Жамбыл облысы ақыны Қанат Мырзахан жеңіп алды. 1-ші орын жүлдесі – 1 млн. теңгені қарағандылық ақын Дидар Қамиев қанжығалады.

2, 3 орындарды иеленген ақындар да қомақты жүлдеге ие болды. Айтысқа қатысқан қалған ақындар да түгелдей ынталандыру сыйлықтарын алды.