Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

2 мамыр күні Жамбыл облыстық қазақ драма театрында мектеп қабырғасында оқитын жас бозбала жігіттің ең алғашқы махаббат сезімін жеткізуге құрылған «Алғашқы махаббат» атты қызықты комедия сахналанды.

Комедия оқиғасында Қанат атты жоғары сыныпта оқитын жас бозбала жігіт мектепке қызметке жаңа келген өздерінің сынып жетекшісі, жас мұғалима қызға деген өзінің алабөтен сезімін байқайды... Ол – оқушы жігіттің мұғалимаға деген - алабұртқан алғашқы махаббат сезімі еді. Жігіт жас мұғалимаға деген өзінің осынау бейкүнә албырт сезімін үнемі сыршыл жырларымен жеткізеді...

Қойылымдағы мектеп өмірінің кіршіксіз сәттері, алғашқы махаббат, бейкүнә сезімдер суреттелетін қызықты оқиғалар көрермен жанын бірден баурап алады. Пьеса авторы – Қанат Жүнісов. Қойылым режиссері - Анар Сағымбекова.