Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

АТА-АНАЛАР  МЕН  МЕКТЕП  БАСШЫЛАРЫНЫҢ  НАЗАРЫНА! «ОҚУШЫЛАРДЫ  ТЕАТРҒА  АПАРУ -  АҚША  ЖИНАУ ЕМЕС...» 

Құрметті ата-аналар мен ардақты педагогтар қауымы және «Тараз. Открытый диалог» тобының модераторы, Темурлан Турдалин мырза!

Әлеуметтік желілердегі - «Тараз. Открытый диалог» тобының 2019 жылдың сәуір айындағы постында жазылған: «Мектептерде  әр түрлі мақсаттарға заңсыз ақша  жиналады» деген  пікірлер  оқушылардың  театр сияқты өнер ошақтарына мәдени демалуға келулеріне еш  салқынын  тигізбеуі  тиіс.

Бала деген – өте әсершіл, кез-келген икемге тез иілгіш. Осы себепті жас жеткіншектердің  сабақтан  тыс уақытта, бір мезгіл,  өзінің  жан-жақты дамуына да, болашағына да пайдалы саналатын  көпшілік шараларға  барып, қатысып,  мәдениет, өнер, спорт әлемі сыйқырларынан  өзіндік  рухани азық  алуларына  қолдау көрсету – ата-аналардың да,  педагог қауымының  да басты парыздарының бірі болса керек...

Театр – балалар үшін рухани өсуге, әдемілік пен әдептілікке тәрбиелейтін бірден-бір эстетикалық өнер ордасы. Өресі биік өнер де,  көрерменге көрікті ой салар  өнер де  - осы, театр!

Ғұлама жазушы Мұхтар Әуезов театрды – «Ең сымбатты өнер» деп сипаттаса, Ғабит Мүсірепов  - «Театр – хас сұлудың көз жасындай мөлдір өнер» деп тамсанады...

Ендеше, құрметті ата-аналар мен ардақты педагогтар қауымы!

  Оқушылардың  театрға келуі  –  босқа ақша жинау емес... Ол – ақша жинаудан да үлкен мақсатты  дүние.  Оны бүгін ескермесек, ертең кеш болары хақ.