Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

Жамбыл облыстық қазақ драма театры қасиетті Рамазан айында ауыр науқаспен ауыратын екі жарым жастағы Аруназ Саматқызы атты жас сәби қыздың емделуіне өз үлесін қосып, қаржылай көмек көрсету мақсатында 2019 жылдың 25 мамыры, сенбі күні сағат 17.00-де театрдың Үлкен сахнасында көрермендер назарына Қ.Шаңғытбаев пен Қ.Байсейітовтің арман қуған жастар мен ауыл өмірінің қызықты оқиғалары баяндалатын «Беу, қыздар-ай!» атты комедиясын ұсынды.

Аталған қайырымдылық қойылымға сатылған билеттерден түскен қаржы толықтай екі жарым жастағы науқас бүлдіршін Аруназ Саматқызының емделуі үшін жинақталып жатқан қаржы қорына қосылды.