Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

Жамбыл облыстық қазақ драма театрының 84-ші жаңа маусымының ашылуына орай, 2019 жылдың 23 қыркүйегі күні жазушы-драматург Болат Бекжановтың «Айша бибі» махаббат дастаны драмасының тұсаукесер қойылымы (премьерасы) болды.

Драманы сахнаға дайындаған қоюшы-режиссері – белгілі режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай.

Сценографиясын жасаған қоюшы-суретшісі – ҚР Мәдениет саласының үздігі Рахат Сапаралиева.

Осы орайда айта кететін жайт - Жамбыл облыстық қазақ драма театры «Рухани жаңғыру» жаңа кезең:» бағдарламасының мақсат-міндеттеріне сай, өз репертуарын халқымыздың бай рухани құндылықтарын танып-білуге тәрбиелеуді көздейтін жаңа қойылымдармен толықтыруда жүйелі жұмыстар атқарып келеді. Осындай қойылымдарымен шет елдерге гастрольдік сапарларға шығу, Халықаралық театр фестивальдарына қатысу арқылы халқымыздың бай тарихы мен әдеби мұраларын әлем халқына танытып, насихаттау да – «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы үлкен міндет.

Осы мақсатар аясында театр 2019 жылға жазушы-драматург Б.Бекжановтың «Айша бибі» драмасын сахнаға дайындап көрсетуді жоспарлап, жүзеге асырды.

Көрермен қауым осы драма оқиғасы арқылы: есімдері көне Тараз қаласының тарихымен тікелей байланысты айтылатын кіршіксіз таза да құдіретті махабаттың қос символы - Айша бибі мен Қараханның тағдырымен және олардың мәңгілік өшпес жырға айналған махаббат дастанымен танысады.

Өнерсүйер қауым, сондай-ақ, Айша бибі мен Қарахан бейнелері арқылы халқымыздың бай рухани құндылықтарымен, терең тарихымен, көне Тараздың Қараханидтер дәуіріндегі тылсым тыныс-тіршілігімен, Әулиеата жерінің сакральды географиясымен танысуға да мүмкіндік алады.

Барша халық жақсы біледі. Тараз десе, көз алдымызға – Айша бибі мен Қарахан келеді. Ал, кейінгі жас ұрпақ, өкінішке орай, Айша бибі мен Қараханның махабаттағы тағдырлары – Қозы Көрпеш – Баян сұлу, Еңлік-Кебек, Ақан сері-Ақтоқты, Қыз Жібек пен Төлеген сияқты өмірде шын болған тарихи, әдеби тұлғалармен көп ұқсас екендігін терең біле бермейді.

Шығарма оқиғасында Қараханның және ол басқарып отырған мемлекеттің жаулары Айшаны өлтіру арқылы Қараханды мұқатпақ болған жаулық ой-пиғылдарын, ақыры орындап тынады. Айша бибі жау пиғылды сатқындар қолынан қаза табады.

Тұсаукесер қойылымда Айша бибі ролін театрдың жас актрисасы Назым Ақылова, Қарахан образын белгілі актер, «Серпер» Жастар одағы сыйлығының лауреаты Кенен Ақүрпеков барынша шынайы ойнап шығып, зал толы көрермендерін дүркін-дүркін қол соқтырып, өнерлерімен риза етті.