Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

Тараз қаласында өткен екі күндік семинар жұмысына қатысқан Республикалық Орталық және Қазақстанның басқа да өңірлерінен келген облыстық сайлау комиссиясының өкілдері Жамбыл облыстық қазақ драма театрыныңда қонақта болып, Болат Бекжановтың «Айша бибі» махаббат дастаны драмасын тамашалады.

Драманы сахнаға дайындаған қоюшы-режиссері – белгілі режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай.

Сценографиясын жасаған қоюшы-суретшісі – ҚР Мәдениет саласының үздігі Рахат Сапаралиева.

Қойылымды тамашалаған қонақтар Тараз қаласының тарихымен тікелей байланысты айтылатын кіршіксіз таза да киелі махабаттың символдары саналатын - Айша бибі мен Қарахан тағдырына қатысты тарихи шындықты осы драма арқылы көріп, білулеріне мүмкіндік туғызған театрдың өнер ұжымына алғыстарын жеткізіп, ықылас гүлін табыс етті.

Қонақтар мен басқа да көрермендер драма оқиғасы арқылы автор суреттеген айдай сұлу Айша бибі қыздың ақылына көркі сай нәзік те өр бейнесіне, Қарахан батырдың нағыз ержүрек жауынгерге, кемелденіп, толысқан батырлық келбеті мен елге тұтқа бола алатын тұлғасына ерекше сүйсінді.

Сондай-ақ, Айша бибі мен Қарахан бейнелері арқылы сол дәуірді, сол кезең мәдениетін, өнерін, өмір сүру қағидаларын, жалпы Қараханидтер дәуірінің тылсым тіршілігін көргендей әсер алды.