Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

27 қараша күні Жамбыл облыстық қазақ драма театры көшпелі қойылыммен Сарыкемер ауылындағы «Мұрагер» балабақшасына М.Абайділда мен С.Пірмановтың балаларға арналған «Балшық бала» атты ертегісін сахналады. Ертегіні сахнаға дайындаған қоюшы-режиссер – Қазақстан Жастар одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты, белгілі актер Кенен Ақүрпеков.

«Балшық бала» ертегісінің оқиғасы бір балаға зар боп, өмірлері өксікпен өтіп келе жатқан бір кемпір мен шалдың отбасында болады.

Кемпір мен шалдың мекен-жайына сол маңдағы орманды мекен ететін Аю, Қасқыр және Түлкі қайта-қайта «шабуыл» жасап, қорадағы қой-ешкісі мен тауықтарын ұрлап әкетеді.

Өмірлері бір балаға зар боп өтіп жатқан кемпір мен шал Құдай бермеген баланы қолдан, балшықтан жасап алуды ойлайды. Сөйтіп, шал қолдан бала жасауға кіріседі. Баланы жасап бітіп, оған Балшық бала деп ат қояды.

Құдайдың құдіретімен Балшық балаға жан бітіп, ол алып, батыр бала болып, өмірге келеді.

Батыр кейпіне енген Балшық бала енді Ақтөс итпен бірге зорлықшыл аңдардан кек алып, атасы мен апасының малдарын қайтарып әкелуге аттанады. Сөйтіп, батыр Балшық бала мен Ақтөс зорлықшыл аңдар Аю, Қасқыр, Түлкілерді қолға түсіріп, олардан ұрлаған малдарын қайтарып алады. Аю, Қасқыр, Түлкі үшеуі атасы мен апасынан кешірім сұрап, енді Балшық баламен, Ақтөспен дос болатындарын айтып, уәделерін береді.

Соңында, бәрі достасып, достасу мерекесін тойлайды...