Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

Бүгін, 28 қараша – Жамбыл облыстық қазақ драма театрының айтулы сахна шебері, талантты актриса ЗАРИНА АСАННЫҢ туған күні!

ЗАРИНА! Сенің туған күніңе арналған жүректен шыққан асыл тілектеріміз шексіз! Сенің өмірге, өнерге деген адалдығың мен махаббатың шексіз! Біз саған өмірдегі адамизат үшін керекті бар игі жақсылықтарды тілек қыламыз! Біз саған зор денсаулық, адами және отбасылық бақыт, өнеріңе шабыт-шалқар, мол шығармашылық табыс, жетістіктер тілейміз!

Зарина, сен кішкентай сәби кезіңнен бастап анаңмен бірге театрға жиі келіп жүріп, театр ұжымының баласындай болып өстің. Анаңның және театрдың шығармашылық ұжымының сахна өнеріне ерте баулып, бағыт-бағдар беруі нәтижесінде, СЕН, 2000 жылы 5 жасыңнан бастап, сахнаға шығып, түрлі ертегі қойылымдарда берілген рольдерде ойнай бастадың. СЕН, ең алғаш 5 жасыңда драматург Д.Исабековтің «Пері мен періште» пьесасы бойынша дайындалған қойылымда Әнел қыз рөлін өте әсерлі сомдап, бірден көрермен көзайымына айналдың.

Осылайша, 5 жасыңда сахнада басталған актрисалық жолың, СЕНІ, 2011 жылы орта мектепті бітірісіңмен бірден сахна еңбегіне алып келді.

СЕН, театр өнері мамандығы бойынша колледжде, университетте оқып жүрген студент шағыңда да үнемі берілген рольдерге өте жақсы дайындықпен келіп, студенттік жылдарыңда да сахнадағы еңбегіңді үзбей жалғастырдың.

СЕН, осы жылдар ішінде сахна төрінде 30-дан аса басты, негізгі рольдерді сомдап, кешегі жас бүлдіршін шәкірттен, шеберлігі артып, қалыптасқан айтулы актрисаға айналдың.

Жамбыл облыстық қазақ драма театрының тек қана соңғы жылдардағы көптеген республикалық және алыс-жақын шет елдерде өткен Халықаралық театр фестивальдеріне қатысып, зор табыстарға ие болуы – тікелей, СЕНІҢ сол сахналардағы шебер ойындарыңмен байланысты десек, еш артық айтқандық емес.

Жамбыл театрының әлемнің түкпір-түкпірін аралаған қойылымдарының бірі – Қуандық Қасымовтың «Қыз Жібек» саунд-драмасы болса, сен солардың бәрінде басты кейіпкер Қыз Жібек бейнесін сомдап, әлем жұртшылығын шынайы актерлік шеберлігіңмен мойындаттың.

Сен сомдаған М.Әуезовтің «Еңлік-Кебегіндегі» - Еңлік сұлу, Б.Айдарбековтің «Тағдыр тәлкегіндегі» - Нұргүл қыз, Б.Бекжановтың «Айша бибісіндегі» - Гүлхан ханшайым және басқа да рольдерің сенің театрдай саф та таза, сұлу өнерге қосқан зор үлесің деп білеміз.

ЗАРИНА, туған күнің құтты болсын! Біз сені жақсы көреміз!

ІЗГІ НИЕТПЕН: Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының шығармашылық ұжымы, әріптестерің...