Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

БҮГІН, 20 ҚАҢТАР – ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ

ҚАЗАҚ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ АРТИСІ,

БЕЛГІЛІ САХНА МАЙТАЛМАНЫ

ӘНАПИЯ АХМЕТ АҒАМЫЗДЫҢ ТУҒАН КҮНІ!

Театр басшылығы мен шығармашылық ұжым атынан ӘНАПИЯ АҒАМЫЗДЫ туған күнімен құттықтай отырып, оған зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық, құт-береке, зор шығармашылық табыстар тілейміз!

Ахмет Әнәпия Төлегенұлы 1954 жылы 20 қаңтарда Қызылорда облысы Жаңақазалы ауылында дүниеге келген.

1976 жылы Қазақ Мемлекеттік М.Әуезов атындағы Академиялық драма театры жанындағы 2 жылдық театр студиясын «Актерлық өнер» мамандығы бойынша бітірген.

1979-1990 жылдары аралығында Қызылорда облыстық Н.Бекежанов атындағы драма театрында актерлық қызмет атқарды.

1990 жылдан бері Жамбыл облыстық қазақ драма театрында актер.

Әнапия ағамыз өнер жолындағы ізденісі мен талабының жемісі ретінде көптеген режиссерлердің назарына ілігіп, 30-дан аса әр жанрдағы спектакльдерде басты ролдерде ойнау мәртебесіне ие болған.

Ол тек қана соңғы жылдардың өзінде театр репертуарындағы:

- М.Шахановтың «Танакөз» драмасында - Қоғамбай;

- М.Байджиевтің«Тіл табысқандар» комедиясында - Мухамбет;

- И.Содиковтің «Әпендінің бес қатыны» комедиясында Гулям;

- О.Әубәкіров пен А.Наймантаевтың «Ңөң» комедиясында - Шал;

- У.Шекспирдің«Отелло» трагедиясында - 2-ші сенатор;

- Н.Оразалиннің «Қилы заман» драмасында - дәрігер Фонов;

- А.Бекбосынның «Домалақ ене» символикалық драмасында- ауыл қариясы;

- М.Байғұттың «Асқаровтың ақ қайыңдары» драмасында –қария;

- Қ.Ысқақ пен Ш.Құсайыновтың «Қазақтарында» және т.б. бірқатар қойылымдарда көпшілік сахнасы рольдерінде ойнап көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп келе жатқан танымал актер.

- Сондай-ақ, «Жаңа жыл»қойылымдары аясындағы Шырша мерекесінде – Аяз ата, балаларға арналған ертегі қойылымдарда – қария адамдар бейнесін сомдап келеді.

Ол бірқатар спектакльдерде сомдаған рольдері үшін республикалық және халықаралық театр фестивальдерінде жүлделі орындарға ие болды.

Солардың бірі – Ахмет Әпапия 1999 жылыЖамбыл облыстық қазақ драма театры Қырғызстанның Бішкек қаласында өткен «Ш.Айтматов және театр» атты Халықаралық театр фестиваліне Ш.Айтматов пен М.Шахановтың «Сократ түні» драмасымен республика театрлары атынын қатысқанда, ол сол фестивальдің «Ең үздік этюд» үшін номинациясы жүлдесіне ие болып, Халықаралық фестивальдің лауреаты атанды.

Әнапия Ахметтің ұлттық театр өнеріне сіңірген еңбегі жоғары бағаланып, әр жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің, өзінің туған жері - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімінің, Жамбыл облыстық кәсіподақ комитетінің, областық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының, ҚР Театр қайраткерлері одағының, театр басшылығының Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарына ие болды.

2016 жылы театрдың 80 жылдық мерейтойына орай, Қазақстан Республикасы «Мәдениет саласының үздігі» белгісінің иегері атанды. Ол ұзақ жылдардан бері Қазақстан Республиткасы Театр қайраткерлері одағының мүшесі.

ӘНАПИЯ АҒА, Сіздің өнер жолындағы ұзақ жылғы жемісті қызметіңіз – кейінгі жастарға зор үлгі-өнеге! Туған күніңізді әрдайым шығармашылық ортамызда мерекелей беріңіз!

ІЗГІ НИЕТПЕН, ҚҰТТЫҚТАУШЫЛАР:

Жамбыл облыстық қазақ драма театрының

шығармашылық ұжымы, әріптестеріңіз!