Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

18 ҚАҢТАР – ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ 
ҚАЗАҚ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ АРТИСІ 
НАЗЫМ АҚЫЛОВАНЫҢ ТУҒАН КҮНІ!

Театр басшылығы мен шығармашылық ұжым атынан НАЗЫМДЫ туған күнімен құттықтай отырып, оған зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық, құт-береке, зор шығармашылық табыстар тілейміз!

АҚЫЛОВА Назым Болатқызы 1995 жылы 18 қаңтарда Жамбыл облысы Тараз қаласында дүниеге келген. 2018 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетін мәдени-тынығу жұмысы мамандығы бойынша бітірген.

Назым Ақылова театрда қызмет істеген аз ғана уақыт аралығында бірнеше басты және негізгі кейіпкерлер бейнесін сомдап, өзін сахна өнеріне берік қалыптасқан талантты актриса ретінде танытты.

Назым Ақылованың көрермендерін мейлінше сүйсіндіре, сахна әлеміне ең алғаш жарқ етіп шыққан аса бір сәтті ролі - Болат Бекжановтың «Айша бибі» махаббат дастанындағы Айша сұлудың бейнесі болды. Ол, сондай-ақ, Спандияр Мұқышевтің «Апандағы адамдар» трагикомедиясындағы Ақбалтыр ролін де мейлінше тартымды етіп шығарып, театртанушылар мен көрермендер тарапынан әділ бағасын алды.

Назым Ақылованың соңғы кездері ойнаған рольдерінің бірқатарын атап өтсек, олар:

- Спандияр Мұқышевтің «Апандағы адамдар» трагикомедиясындағы Ақбалтыр ролі; 
- Елен Әлімжанның «Әйелдер бір іс бастады» комедиясындағы Аяжан ролі; 
- Байғали Есеналиевтің «Таң сыры» драма-элегиясындағы Қыз ролі; ойнады. 
- Болат Бекжановтың «Айша бибі» махаббат дастанындағы Айша бибі ролі; 
- Қанат Жүнісовтың «Алғашқы махаббат» комедиясындағы Гүлзат ролі және тағы басқалар.

Ол, сондай-ақ, балаларға арналған ертегі қойылымдарда да берілген рольдерді үлкен жауапкершілікпен шебер сомдап келеді.

Н.Ақылова актерлік шеберлігін шыңдауда тұрақты ізденіс жасап жүретін еңбекқор, актерлік шеберлігін арттыруға ынта-қабілеті зор, өз міндетіндегі барлық тапсырмаларды орындауда біліктілігі жоғары, жауапкершілігі мол өнер иесі. Аға буын өнер иелерін ұстаз тұтып, олардан актерлік техниканың әр алуан элементтерін үйренуден жалықпайды.

Театр басшылығы тарапынан бірнеше Алғыс хаттарға ие болған.

НАЗЫМ, сен сомдаған осынау тырнақалды рольдерің сенің театрдай сұлу өнерге қосқан алғашқы зор үлесің деп білеміз. 
Туған күнің құтты болсын! Біз сені жақсы көреміз!

ІЗГІ НИЕТПЕН, ҚҰТТЫҚТАУШЫЛАР: 
Жамбыл облыстық қазақ драма театрының 
шығармашылық ұжымы, әріптестерің!