Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

Асқарбек ағамыз 1973 жылы Құрманғазы атындағы мемлекеттік өнер институтын актер мамандығы бойынша үздікбітіріп, содан бергіжарты ғасырға жуық өмір белесінде мәдениет, өнер, руханият және білім беру саласында үздіксіз қызмет атқарып келеді.

Осы уақыт аралығында қатардағы актерлықтан театр директорына, тележурналистен облыстық телерадиокорпорациясының бас редакторлығы қызметіне дейінгі баспалдақтан өтіп, жемісті еңбек етті.

Соңғы жылдардың өзінде театр репертуарындағы: Б.Бекжановтың «Айша бибі» махаббат дастанында – Айшаның әкесі Зеңгі баба, Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері-Ақтоқтысында» - Ақанның әкесі Қорамса, М.Байғұттың «Асқаровтың ақ қайыңдары» драмасында - түрме бастығы Полковник, Н.Оразалиннің «Қилы заманында» - базаршы Мосқал шал, М.Әуезовтің «Еңлік-Кебегінде» - Кеңгірбай, А.Бекбосынның «Домалақ енесінде» - Ауыл қариясы, Б.Ұзақовтың «Жан дауасында» - Шал, Б.Есеналиевтің «Таң сыры» драма-элегиясында – Оразқұл, С.Мұқышевтің «Апандағы адамдар» трагикомедиясында Қоянбай Жырықбаев образдарын сомдап келеді.

Бүгінде Жамбыл облыстық қазақ драма театрындағы актерлық қызметін үлкен абыроймен жалғастырумен бірге, М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Өнер және мәдениет» кафедрасында аға оқытушы ретінде өнер жолына жас мамандар тәрбиелеп, ұлағаттыұстаздық жолға да еңбек сіңіріп отыр.

Сахнада сомдаған жүзге жуық басты және негізгі кейіпкерлердің образдарын қашанда бояуы қанық,сахналық сипаты анық, көркемдік-эстетикалық қуаты жоғары дәрежеде көрсете біліп, шебер сахнагер ретінде танылды. «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Құнанбай» фильмінде Сарыбай бидің ролін, «Сиырдың сергелдеңі» телефильмінде Шал ролін және басқа да фильмдерде ойнап, киноактер ретінде де ерекшеленді.

Режиссура, драматургия, журналистика саласында да қолтаңбасы қалыптасқан білікті маман, бірнеше қойылымдардың қоюшы-режиссері, әлденеше драмалар мен публицистикалық туындылардың авторы. Облыс аудандарындағы халық театрларының шығармашылық жұмыстарын жақсартуға да қоюшы-режиссер ретінде көп еңбек сіңірді.

Осындай ерен еңбектері нәтижесіндеәр жылдары «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі» мәртебелі атағына, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін»белгісіне, басқа да көптеген марапаттарға ие болды.

АСҚАРБЕК АҒА

Сізге, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық, құт-береке, шығармашылық жолыңызға зор табыстар тілейміз!

ІЗГІ НИЕТПЕН, ҚҰТТЫҚТАУШЫЛАР:

Жамбыл облыстық қазақ драма театрының

шығармашылық ұжымы, әріптестеріңіз!