Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы ДҮЙСЕНӘЛІ БЫҚЫБАЕВ мырза Жамбыл облыстық қазақ драма театрының артисі, белгілі өнер майталманы, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі АСҚАРБЕК СЕЙІЛХАНДЫ мәртебелі мерейлі жасымен құттықтап, ақжарма ақ тілегін жеткізді және актердің иығына шапан жауып, құрмет көрсетті.

Аталған құттықтау шарасына Қазақстан Театр қайраткерлері одағының төрағасы, Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, өнертану кандидаты, профессор Тұңғышбай Әл-Тарази Жаманқұлов, театр директоры, белгілі жазушы-драматург Болат Бекжанов және бірқатар өнер ардагерлері де қатысып, олар да өз кезектерінде құттықтау тілектерін жеткізді.