Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ АРТИСІ,
БЕЛГІЛІ САХНА МАЙТАЛМАНЫ
НЕСІПКҮЛ ОМАРБЕКОВАНЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ!

Театр басшылығы мен шығармашылық ұжым белгілі сахна майталманы, ҚР Мәдениет қайраткері НЕСІПКҮЛ ОМАРБЕКОВАНЫ мерейлі 70 жасқа толған туған күнімен құттықтады.

Театр басшылары мен әріптестері жарты ғасыр уақыт театрмен бірге жасасып келе жатқан өнер иесінің сахнаға шығарған ең алғашқы рольдері мен бүгінге дейінгі еңбектерін еске түсіріп, жалынды құттықтау тілектердің соңы әсерлі естеліктерге ұласты.

Театр директоры Болат Бекжанов бала кезінде Несіпкүл Омарбекованың жас балаша киініп, сахнада көрсеткен ойынын көріп, ерекше риза болып, қанаттанғандығын еске түсірді.

Ардагер артист Асқарбек Сейілхан Несіпкүл құрдасының «Евразия» кинокомпаниясы түсірген «Бақсы» фильмінде басты кейіпкер – Бақсыны ойнап, Ресей, Словакия, Австралия елдерінде өткен кинофестивальдарда «Үздік актриса» номинацияларына ие болғандығын мақтанышпен жеткізді.

Сондай-ақ, ардагер артистер Нұрсифат Салықова, Мәкен Райсханова, Мәкен Рахымжановалар және театрдың көркемдік жетекшісі Мәлік Ақүрпеков және басқа да әріптес інілері мен сіңлілері мерейтой иесі Несіпкүл Омарбековаға жүрекжарды тілектерін жеткізді.