Жамбылский областной казахский драматический театр им. Аскара Токпанова
+7 (7262) 45-29-68
+7 (7262) 45-79-70
Телефон доверия:
+7 (7262) 45-53-25
г. Тараз, проспект Абая, 115

2020 жылдың 20 ақпан күні сағат: 11.00, 16.00-де: С.Сматаев пен Т.Теменовтың «Көгілдір такси» мелодрамасының қойылымы болады.

Драма оқиғасында әкесіз өскен Нұрбақыт атты жас бозбала жігіттің науқас анасына көмектесу жолында бастан өткерген қиын тағдыры, тіпті күн көріс, ақша табу мақсатымен қылмыстық жолға баруға оқталғаны сөйтіп, ішкі істер органдары қызметкерлерінің құрығына түсуі баяндалады.

Оны тұтқындаған ішкі істер органының басшысы Қайыржан Ахатович деген полковник әлгі тұтқындалған жігітті анасының құрсағында жатқан кезінде тастап кеткен әкесі болып шығады.

Тұтқындалған жігіттің науқас анасы Мәриям баласымен кездесуге милицияға келгенде, өзін жас қыз кезінде ішінде сәбиі бола тұра, алмай тастап кеткен бұрынғы жігітімен (әлгі полковникпен) бетпе-бет кездесіп, бұдан 19 жыл бұрын өзіне опасыздық жасап, тастап кеткен «жігітіне» бар шындықты айтады. Полковник өзінің жас кезде жіберген қателігін мойындап, ана мен баладан кешірім сұрайды. Сөйтіп, тағдыр тауқыметімен жолдан тая жаздаған жас жігіт ішкі істер органында істейтін өз әкесін тауып, қатты абыржып, күйзелген әкесін кешіреді.